Ингридиенттер:
"Лия” салмасына арналған ұяшықтар - 250 г
Салма:
Турама ет - 200 г
Басты пияз - 70 г
Тұз, бұрыш - дәміне қарай
Тұздық:
Балғын саңырауқұлақтар - 150 г.
Сары май - 50 г
Кілегей - 400 г
Қатты ірімшік (сыр) - 50 г
Тұз, бұрыш - дәміне қарай
Прованс шөптері - 5 г
Су: 300 мл
Дайындалуы:
1. Сары майды ерітіп, туралған саңырауқұлақтарды қуырыңыз, кілегей, тұз бен бұрыш құйыңыз, прованс шөптерін қосыңыз.
2. Тартылған етті майдалап туралған пиязбен араластырып, тұз, бұрыш қосыңыз.
3. Ұяшықтарды тартылған етпен толтырып, терең табаға салыңыз, тұздық пен су құйыңыз, қақпағын жауып, баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Тағамды ұсынар алдында бетіне сыр себіледі.