"ЛИЯ" АСПАЗДЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ РЕЦЕПТЕРІ

🇰🇿🔥СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҰНАЙДЫ: САЛЯМИ ЖӘНЕ АЩЫ ҚЫЗАНАҚ ТҰЗДЫҒЫ ҚОСЫЛҒАН ПАСТА 🌶

🇰🇿🔥СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҰНАЙДЫ: САЛЯМИ ЖӘНЕ АЩЫ ҚЫЗАНАҚ ТҰЗДЫҒЫ ҚОСЫЛҒАН ПАСТА 🌶
Ингридиенттері:
«Ерекше ЛИЯ» кеспесі - 1 бума
Қуыруға арналған май
Басты пияз - 60 г
Сарымсақ - 2 бөлік
Салями немесе шикі ысталған шұжық - 120 г
Өз шырынындағы қызынақтар - 200 г
Зәйтүн немесе қара зәйтүн жемісі - 40 г
Лимон - 1 дана
Чили бұрышы (балғын немесе құрғақ) — дәміне қарай
Тұз, қант, қара бұрыш — дәміне қарай
Асшөп (райхангүл немесе ақжелкен) - безендіру үшін
Қатты ірімшік (пармезан жақсы болады) - 30 г

Дайындалуы:
1.Кеспені Al dente күйіне дейін қайнап жатқан тұзды суға қайнатып алу керек
2.Табаға майды қыздырып алыңыз. Пияз бен сарымсақты майдалап турап, аздап қуырыңыз.
3.Шұжықты жұқа тілімшелерге турап, табаға салыңыз, май шыжғырылып таусылғанша 2-3 минут қуырыңыз.
4.Туралған зәйтүн немесе қара зәйтүн жемісін және туралған чили қосыңыз. 1-2 минут қуырыңыз.
5.Табаға өз шырынындағы қызанақтарды құйыңыз (егер кесілмеген болса, оны пышақпен кесіңіз).
6.Тұздықты қайнатыңыз, лимон шырынын, тұз, қант, қара бұрыш пен туралған асшөпті қосыңыз. Араластырыңыз және пештен алыңыз.
7.Дайын болған кеспені тұздықпен табаға салып, араластырыңыз. Қажет болса, кеспе қайнаған судан аздап су қосыңыз.
8.Үстелге берер алдында үгітілген пармезан сеуіп, аскөкпен безендіріңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!🤗🍜
Made on
Tilda