"ЛИЯ" АСПАЗДЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ РЕЦЕПТЕРІ

🍜Жылдам және жеңіл жазғы түскі асқа арналған тамаша идея - Асшаяндар мен кәді қосылған кеспе!

🍜Жылдам және жеңіл жазғы түскі асқа арналған тамаша идея - Асшаяндар мен кәді қосылған кеспе! Барлығына небәрі 15 минут. Тұздық өте хош иісті, ақ шараптың жағымды қышқылдығы және Черри қызанақтарының тәтті ноталары бар.
Ингридиенттері:
“Лия” үй кеспесі - 1 қаптама
Кәді/цукини - 1 дана
Асшаяндар - 200 г
Черри - 200 г
Сарымсақ - 1 түйір
Ақ шарап - 50 г
Сәндеуге арналған ақжелкен
Бір шымшым құрғақ қызыл бұрыш

Дайындалуы:
1. Кеспе қаптамадағы нұсқауларға сәйкес қайнаған суға қайнатылады. Тұздыққа кеспеден екі ас қасық су қалдырыңыз. Дайын кеспені міндетті түрде суық сумен шаю қажет.
2. Осы уақытта цуккиниді кішкене текшелерге, қызанақты төрт бөлікке кесіп, сарымсақты ұсақтап тураңыз.
3. Табаға зәйтүн майын жомарт құйып, орташа отты қосыңыз. Майды аздап қыздырыңыз, бірақ қатты емес. Қызыл бұрыш пен сарымсақты салып, оларға майды хош иістендіруге беріңіз. Мұнда бастысы - сарымсақ қуырылмауы үшін оттың жоғары емес болуы.
4. Кәді қосып, бірнеше минут пісіріңіз. Кәдіге қызанақ қосыңыз. Тұз және бұрыш салып, араластырыңыз, бірнеше минут пісіріңіз.
5. Ақ шарап құйыңыз. Оны аздап қайнатып, асшаяндарды қосыңыз. Отты азайтып, шамамен 5 минут бұқтырып пісіріңіз. Соңында кеспеден екі ас қасық су қосыңыз. Біз үшін тұздықта сұйықтықтың жеткілікті болуы маңызды.☺️
Made on
Tilda